Үздіктер марапатталды.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің костюмдер цехының шебері Виктория Понамарева мен балет артисі Батыр Исабаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Саланың тұрақты дамып, өркендеуі жолында сіңірген абыройлы еңбегі мен елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін кәсіподақ ұйымының атынан “Еңбек даңқы” медалі костюмдер цехының шебері Райхан Сайлыбаеваға табысталды. “Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі” медалімен Алтынбай Жолмурзаев марапатталды.
”Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артистері Дарья Мащенко мен Данияр Асқар елеулі еңбегі үшін директордың атынан алғыс хатпен марапатталды.
Салтанатты шараға келген қонақтарымыз ТҮРКСОЙ ұйымының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Нұрмахаматұлы мен “Алтынай” мемлекеттік халық биі ансамблінің көркемдік жетекшісі Бегзат Агияр құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болғай!Марапаттарыңыз құтты болсын! Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.