Ұлттық киім – мәдениетіміздің ажырамас бөлігі

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Ұлттық киім – мәдениетіміздің ажырамас бөлігі

2024 жылғы 15 наурызда өткен ІІІ Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киімге қатысты арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің қызметкерлері ресми киімнің орнына ұлттық киім киіп, «Дәстүрлі жұма» науқанын жүзеге асырды.

Науқан аясында қызметкерлер әр жұма күні ұлттық киім киіп, қазақы дәстүрді дәріптеуді қолға алды. Бұл бастама тек сыртқы келбетке мән берумен шектелмей, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруды және оны күнделікті өмірге енгізуді көздейді.

Бұл бастама басқа мекемелер мен ұйымдарға үлгі болып, ұлттық киім кию мәдениетін кеңінен насихаттауға ықпал етпек.

https://www.instagram.com/p/DGnbBnqI0vQ/?hl=ru

Ұлттық киім – мәдениетіміздің ажырамас бөлігі