Ұлттық кітапханада ансамбльдің фотокөрмесі ашылды.

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Ұлттық кітапханада ансамбльдің фотокөрмесі ашылды.

Бүгін 29 сәуір халықаралық би күні. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес Ұлттық кітапханада ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің фотокөрмесінің ашылуы өтті.

Қазақтың қасиетті қазынасын қимыл құдіретімен халық назарына ұсынып жүрген би өнерінің ардагерлері мен майталмандары шақырылған шараға «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 1955 жылдан күні бүгінге дейінгі сахнаны қызылды-жасылды шуаққа шомылдырған 50 ден аса тарихи фото суреттер мен баспа беттерінде жарияланған мақалалар қойылды. Шара Жиенқұлованың өзі билеп, табан ізі қалған өнер ордасының әр кезеңде жеткен жетістіктері мен алған алғыс хаттарымен көркемделген көрмені бекзат өнердің барлық жанашырлары келіп тамашалады.

Сыр шерткен суреттер шежіресінің лентасын Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген әртісі, би ардагері Әлдибеков Нұрлыбек Әшірбекұлы, Ұлттық кітапхана директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы қиды.

Қоржынында баға жетпес қазына мен халық дәстүрінің игілігі жинақталған «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ардагерлері өз кезегінде жүректеріне жыр, көздеріне жас алып тарих қойнауынан біраз сыр шертті. Болашақ буынға батасын беріп, миллиондаған жүректі рухани рахат пен ізгілікке бөлейтін шыдам мен шығармашылықтың биік үлгісін көрсетуден шаршамаңыздар деп шабыт тіледі.