ӨМІРІ ДЕ, ӨНЕРІ ДЕ – ӨНЕГЕ

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ӨМІРІ ДЕ, ӨНЕРІ ДЕ – ӨНЕГЕ

 Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Нұрлыбек Әшірбекұлын 65 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

  Нұрлыбек Әлдибековтің хореография өнерінің қалыптасуына, мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі ұлан-ғайыр.

Ең алғаш 1976 жылы ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамбліне жұмысқа орналасып, зейнет жасына дейін абыроймен қызмет атқарды. Ансамбльдің балет артисі ретінде еңбек еткен жылдары көптеген би қойылымдарын, соның ішінде “Бүркіт” биін жоғары шеберлікпен орындап, халықтың құрметі мен қошеметіне бөленді. Жас өнерпаздарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оларды үнемі қолдап, би әлемінде жұлдыздарын жақты. Ұжымның Сізге деген құрметі мен қошеметі қашанда ерек.

        Мерейлі жасыңызбен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, əулетіңізге құт-береке, отбасыңызға амандық, бақытқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз. Шаңырағыңызда тек той болсын.

Құрметпен, ҚР «Салтанат» мемлекеттік

би ансамблінің ұжымы.

https://www.instagram.com/p/C-2KkcEoh-L/?img_index=1

ӨМІРІ ДЕ, ӨНЕРІ ДЕ – ӨНЕГЕ