2019 жылы 12-ші қараша күні Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының сахнасында сағат19-00-де, Жастар жылы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтті.
Барлық мемлекетке қазақ өнерін насихаттап жүрген «Салтанат» би ансамблінің репертуарында 150-ге жуық ұлттың биі бар. Жыл сайынғы жаңа қойылымдары мен жарқыраған киімдері көрерменін ешқашан жалықтырған емес. Бұл жолғы кеш те ерекше. Себебі, бағдарламаға жаңа би түрлері қосылған. Бұл жолы еліміздегі бір шаңырақ астына ұйысқан ұлт пен ұлыстың билері дәріптелді.
Гүлсәуле Орынбаева, «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі.
«Біздің концертіміз үнемі үлкен қошеметпен өтеді. Көрермендерімізге барынша жақсы көңіл-күй сыйлап, әсер қалдыруға тырысамыз. Халықтың риза болғанын көрген бишілердің де шабыты шарықтап, жанын беріп, барын салады. Елімізде би өнерін бағалайтындар әлі де көп».
Бүгінгі концертке 24 би ұсынылды. Бұл «Салтанат» ансамблінің мемлекет атағын иеленген жалғыз ғана ансамбль. Ол тіпті шетелдерде еліміздің мәдениетін дәріптеп, ұлылығын ұлықтап жүрген бірден бір өнер ұжымы.
Салтанат Шырынхан, Мұрат Шынасылов, КТК, Алматы
Баспасөз хатшы: Назгүл Санатқызы Какимова
e-mail: press-service@ansamblsaltanat.kz