13 ақпан Халық әртісі Зәуірбек Райбаевтың туған күні
13 ақпан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі, қазақ балет әртісі және педагог Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаевтың туған күні. Ол 1932 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Алматы хореография училищесін, Ленинград (Санкт-Петербург) хореография училищесінің жетілдіру сыныбын, Мәскеу Мемлекеттік театр және өнер институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. Абай атындағы Опера және балет театрының балетмейстері болды.Зәуірбек Райбаевтың репертуарында П.Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы ару», Ғазиза Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз», Қ.Қожамжаровтың «Чин-Томур» және тағы басқа шығармалары бар.
Зәуірбек Райбаев Қазақ КСР мемлекеттік ән және би ансамблінің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері және директоры қызметін атқарды. КСРО халықтарының бірнеше би бағдарламаларын қойды. 1989 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жарлығымен ән-би ансамблі З.М.Райбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі болып өзгертілді.
Марапаттары:
«Құрмет белгісі» ордені (1958),
1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты,
1958 жылы Бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты,
ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1958),
ҚР халық әртісі (1982),
«Құрмет» (2001) ордені, ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасы,
«Ерең еңбегі үшін» медалімен мараптталды. 1986 жылы ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды,
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды (1969).
https://www.instagram.com/p/DGAzbGwo1Sg/?hl=ru&img_index=1
