15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ!
Мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекітті. Бұл күнді мерекелеу отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген.
Қоғамда отбасы – әрқашан рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, жанұя жылулығын сөндірмей, керегесін кең ұстап, тарих толқынымен келе жатқан киелі мекен.
ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артистері баршаңызды 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен құттықтайды.
Мереке күні әр шаңырақ шаттыққа, бақыт пен сәби күлкісіне толы болсын! Әр әулеттің мерейі үстем болып, тамыры тереңге жайыла берсін деп тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DJqehUFoYVP/?igsh=MTk2NWIwYXltNWh2aQ==
