20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн.

Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде түрлі жарыс ұйымдастырып отырады. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, қол күрес, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады.

Біз бүгін ұлттық спортымыз қол күрес пен ләңгі тебуден сайысқа түсеміз. Бұл тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.

https://www.instagram.com/p/DHaNRnVoMnp/?hl=ru

20 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ!