22 НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСЫ!
Алматы қаласында Наурыз мейрамына арналған концерт өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған салтанатты шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты.
Көрермендерге арналған «Алматы — Наурыз құшағында» атты ауқымды концерт жоғары деңгейде өтті. Онда аңызға айналған өнер жұлдыздары: «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Жазира Байырбекова, Игорь Благородный, Төлеген Рахымбаев, «КешYOU» тобы, Диная, AyaFunk және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті. ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі мың бұрала билеп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
https://www.instagram.com/p/DHfsysFosoH/?hl=ru
