69-ШЫ КОЦЕРТТІК МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ
⚜️ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 69-шы жаңа маусымының ашылуы Алматы Theatre сахнасында өтті. Балетмейстер Талғат Ахметовтың «Самғау» би қойылымымен ашылған кештің жаңа бағдарламасы «Азия аңыздары» деп аталды.
⚜️Кешке ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Мирас пен Құралай, Ғани мен Бота, танымал тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері, би саласының ардагерлері жиналды. Роза Рымбаева концертке жоғары бағасын беріп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
⚜️Сұлулық пен іңкәрліктің жаршысындай болған концертте балет артистері мың бұрала билеп, тілсіз өнердің құдіреттілігін өнерсүйер қауымға көрсетті. Көрермендер “Жастық жалын”, Тәжік биі “Идона”, Ұйғыр биі “Долан”, Корей биі “Кальчум”, “Қыз қуу” және тағы да басқа көптеген ерекше би қойылымдарын тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
⚜️ Концертте ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Рахат Сәрсенов, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Бақыт Мырзабекова, Аяулым Жұмахан, Айсәуле Қайырғазина өнер көрсетті.
⚜️ Кеш соңында Болат Аюханов атындағы Мемлекеттік академиялық би театры атынан ықылас гүлі табысталды. Концертіміздің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне, Алматы Theatre ұжымына алғыс білдіреміз!