7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымыз ежелден-ақ «Ер – ел қорғаны, батыр – халық қалқаны» деп елге сүйеніш, жұртқа пана болған ерлерді ерекше ардақ тұтқан.
Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз Отан үшін от кешкен ер-азаматтарға кенде емес. Халық өз батырын құрмет тұтқан. Елдік жолында күрескен ұландар қашан да ұлықтауға лайық.
Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен қорғайтын қырандарымыз көп болғай. Аспанымыз әрдайым ашық, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.
Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі.
