АҚТӨБЕДЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес «Би керуені» атты форум аясында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі арайлы Ақтөбе қаласында шеберлік сағатын өткізді. Би өнерін дәріптеу, ұлттық және заманауи би бағыттарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл игі шара әр өңірден жиналған қатысушылар үшін үлкен рухани серпіліс болды.
Шеберлік сағатына танымал хореографтар арнайы келіп, бишілер мен жас мамандарға, жастарға білген-түйгенін үйретіп, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры стипендиясының иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуанышбек Төлеген, бас балетмейстер, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы, білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагог ғалым – зерттеуші, халықтық-сахналық классикалық бидің оқытушысы Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты, “Sarmat” балалар хореографиялық ансамблінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі, халықаралық жобалардың қоюшы-хореографы, балетмейстер Талғат Ахметовтың қатысуымен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
«Халық сахналық биі», «Қазіргі заманның қазақ биі» тақырыбында практика, «Би ансамбльдерінің концерттік бағдарламаларының құрылымы» теориядан арнайы дәріс берілді.
Бұл шара қатысушылардың шығармашылық деңгейін арттырып қана қоймай, кәсіби бағытта даму жолдарын айқындап берді.
Өңірден жиналған 100-ден аса қатысушылар тегін сертификаттармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DPLnGiYiOdi/
