АЙНАЛДЫМ ЕЛІМ
13 ақпан күні киелі қара шаңырақ Республика сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «АЙНАЛДЫМ ЕЛІМ» концерті жоғары дәрежеде өтті.
Кеште атақты композитордың «Атамекен», «Айналдым елім», «Айналайын», «Асыл арман» сынды көптеген әндер орындалды. ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артистері мың бұрала билеп, халықтың қошеметіне бөленді.
Концертте ұлттық оркестрмен бірге қазақ эстарадасының әншілері Біржан Хасанғалиев, Жеңіс Ысқақова, «МузАрт» тобы, «Жігіттер» квартеті, Бақыт Тұрман т.б. өнер иелері қатысты.
Ескендір Хасанғалиев – қазақтың ән өнеріне зор үлесін қосқан сазгер. Оның репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алды. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларды халыққа ұсынды. Белгілі композитордың әні мәңгі қазақ халқымен бірге жасай бермек.
https://www.instagram.com/p/DGDjDJZohz9/?hl=ru