Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай мәдениет үйі ашылды

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай мәдениет үйі ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай туған жерінде ашылған еңселі ескерткіш пен жаңа мәдениет үйінің ашылуына құттықтау жолдады. Президент өз құттықтауында: «Нұрғиса Тілендиев өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Оның мұрасы әлі талай ұрпаққа тағылым береді. Ұлы композитордың есімі қазақ мәдениетімен бірге мәңгі жасай береді», – деп атап өтті.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

400 орындық жаңа мәдениет үйінде көрме залдары ашылып, арнайы концертте дәулескер күйшінің әндері мен күйлері орындалды. Ескерткіштің биіктігі – 4,35 метр, оны белгілі мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов сомдады.

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ 2025 жылды «Нұрғиса Тілендиев жылы» деп жариялап, Анкара, Париж, Нью-Йорк, Бейжің, Мәскеу және Алматыда халықаралық мәдени шаралар өткізілуде.

Бұл – Нұрғиса Атабайұлының ұлт жүрегіндегі мәңгілік орнын айқындайтын тарихи сәт.

https://www.instagram.com/p/DPWZRh9jFlQ/

Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай мәдениет үйі ашылды