12 мамыр – аналар күні!
Бұл күн – отбасының ұйытқысы мен берекесі атанған ақ жаулықты аяулы аналарымыздың мерекесі. Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, ананың қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған құрметті аналар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен баянды бақыт тілейміз! Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Аналарымыз аман болсын!
Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі
12.05.2024 жыл