Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан арнайы алғыс хаттармен фольклорлық ансамбльдің артистері марапатталды.

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан арнайы алғыс хаттармен фольклорлық ансамбльдің артистері марапатталды.

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан арнайы алғыс хаттармен Анкара қаласында өткен мәдени шарада жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін фольклорлық ансамбльдің артистері марапатталды. Алғыс хаттарды директор Е.Кенжалиев табыстады.

Айта кетейік, Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшылығының бастамасымен 15 желтоқсан  әлемдік түркі тілдері күні Түркия елінің Анкара қаласында жоғары деңгейде аталып өтті. Осыған орай ұйымға мүше елдер мен бауырлас қауымдарда түркі тілдері мен мәдениетіне қатысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл мен мәдениетке деген таным мен құрмет арта түсті. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның қатысуымен өткен айтулы шараға ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің фольклорлық ансамблі атсалысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

https://www.instagram.com/p/DSxEwzRiMvi/?igsh=bmJjajdheTdlcHNu