Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтті
Алқалы жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қытай басшылары қатысты. Саммит жұмысын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің өзара сенімі мен ортақ күш-жігерінің нәтижесінде тату көршілік қарым-қатынасқа, достық пен қолдауға арқа сүйеген ынтымақтастықтың үлгісі қалыптасқанын айтты.
Саммит аясында өңірлік өзара іс-қимылды нығайту, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, көлік-транзиттік интеграцияны дамыту, энергетика, инновациялар және тұрақты даму мәселелері талқыланды.
Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, трансұлттық қатерлерге қарсы бірлескен әрекеттерді үйлестіруге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасуды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Тәуелсіздік сарайында өткен маңызды шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі белсене қатысты. Біз үшін тарихта қалатын елеулі шарада өнер көрсету үлкен мәртебе. Ансамбльдің балет артистері елорданың төрінде шет елден келген құрметті қонақтардың қошеметіне бөленді.
https://www.instagram.com/p/DLEksgzojCo/?img_index=1