АТА ЗАҢЫМ-АЙБЫНЫМ!
Баршаңызды халқымыз үшін қастерлі мереке 30 тамыз Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата заң – Тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір қазақстандық азаматтың құқықтарының сақталуының кепілі. Конституция – жалпыхалықтық референдумда қабылданып, зайырлы, демократиялық жəне құқықтық Қазақстанның негізін қалаған қастерлі құжат.
Ата заң мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін, саяси жүйенің тиімділігін қалыптастырды. Ел экономикасының жанданып, əлемдік қауымдастық алдында Қазақ Елінің абыройын асқақтатуға негіз болды.
Алдағы уақытта да Егемен Еліміздің айбарына айналған Конституциямыздың мерейі үстем болсын! Сіздерді қастерлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, толайым табыс, бақ-береке тілейміз!
Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі.