АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!

30 тамыз 2025 жылы Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ресми бөлім Мемлекеттік Туды шығарып, Әнұранды орындаумен басталды. Көрермендер үшін 200-ден астам артист қатысқан театрландырылған қойылым ұсынылды. Онда еңбек адамдарының бейнесі, әскери қызметкерлер мен мемлекеттік Туды алып шығатын топтар көрініс тапты.

Бұл кеште ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сахнада Халық әртістері Роза Рымбаева, Айгүл Қосанова, әнші Жанар Айжанова, Тамара Асар, IL Canto квартеті, «МузАрт Life» тобы, Әли Оқапов, Temirlan & Yernat, «Сазген сазы» этноансамблі және AL Jazz Symphony эстрадалық-симфониялық оркестрі, Зарина Алтынбаева, Рүстем Нұржігіт, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Абик Жексен, Ерназар Жұбан көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кештің басты хедлайнерлері – Yenlik пен Қайрат Нұртас ән шырқап, концертті аяқтады. Қала тұрғындары мен қонақтары алғысын білдірді.