БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!
1 қазан – ЮНЕСКО елдері арасында халықаралық музыка күні. Бұл мереке 1973 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты – халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтып, өнер өмірінде тәжірибе алмасу. Музыка жайлы қызықты ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз!

           Әуен – адамның есту қабілетінен айырылуын болдырмайды. Музыкаға қызықпайтын адамдарға қарағанда, композиторлар, музыканттар мен әншілердің құлақтары жақсы еститіні анықталған.
Жақсы көретін әніңді тыңдау – жауапсыз махаббатыңды ұмыттырып, жаңа өмірге қадам басуға жол ашады.

Музыка адамның ойлау қабілетін арттырып, есте сақтау жүйесін жақсартады. Әуенді қаншалықты көп тыңдасаңыз, соншалықты нәтижесіне көз жеткізесіз.

Әуен өліп қалған өсімдікке жан беруге қабілетті. Солып қалған үй өсімдігінің жанына колонка қойып, әсем әуен қосып қойсаңыз, белгілі уақыттан соң өсімдігіңіз өмірге қайта келгеніне куә боласыз.
           Дене шынықтыру кезінде әуен тыңдау басқа кездегі жаттығуға қарағанда 20% нәтижелі болады екен.

   Музыка адамды бауырмал, мейірімді етеді. Психологиялық тәжірибе жүргізгенде, күнделікті сүйікті әуенін тыңдайтын адам кемінде бес рет адамдарға көмек беріп, қол ұшын созатыны анықталған.

https://www.instagram.com/p/DPRHJwviPMS/

БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!