«БИ КЕРУЕНІ» БАДАМШАДА!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«БИ КЕРУЕНІ» БАДАМШАДА!

ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Би керуені» атты концерт 25 қыркүйек күні Ақтөбе облысының Бадамша ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Көрермендерге ұлттық және әлем халықтарының билері ұсынылды.

Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Жайна Тарғынова, “Дауыс” әншілер ұжымының солисті, әнші Мейірбек Тәжіғұлов ән шырқаса, халықаралық конкурстардың лауреаты, күйші Өтебай Темір домбырамен әуелетіп, қошеметке бөленді.

Ерекше әсерге толы концертті Қарғалы ауданының әкімі Өнербаев Нұрлыбек Амандоллаұлы Бадамша ауылының тұрғындарымен бірге тамашалады.

Кештің негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа өнер арқылы рухани азық беріп, туған жеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы достықты нығайту.

Айта кетейік, ансамбль өскелең ұрпаққа ғажайып өнер арқылы эстетикалық тәрбие беріп, жастардың ұлттық патриоттық сана сезімін қалыптастыру жолында аянбай өнер көрсетіп келеді. Кеш мерекелік атмосфераны айқындап, ұлттық рухты нығайтуға ықпал етті.

«Би керуені» атты концертінің өтуіне қолдау білдірген Қарғалы ауданының әкімі Өнербаев Нұрлыбек Амандоллаұлына алғысымызды білдіреміз!

https://www.instagram.com/p/DPDMzIUCKTi/

«БИ КЕРУЕНІ» БАДАМШАДА!