БИ КЕРУЕНІ ШЫМКЕНТТЕ.
🔹 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығына арналған «Би керуені» атты концерт Шымкент қаласында өтті.
🔹 Кештің шымылдығы ҚР еңбек сіңірген қайраткері,«Қазына» халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, “Құрмет” орденінің иегері Зәуре Әжібекованың “Ел салтанаты” би қойылымымен ашылды.
🔹Кешіміздің қонағы “ҚР Мәдениет қайраткері”, “Құрмет” орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айниязов
«Отырардағы той», «Атамекенім-Қазақстаным» әндерін шырқады.
🔹Балет артистері орындаған би қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында ұзақ қошемет соғылып, өнерсүйер қауым ансамбльге ризашылығын білдірді.
🔹Шымкент қаласының әкімі және Түркістан облысының әкімі мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің атынан атынан Ықылас гүлі табысталды.
🔹Шымкент қаласының әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімажитұлына, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлына, «Қызғалдақ сарайының» басшылығы мен өнер ұжымына, құрметті талғамы биік шырайлы Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/p/DKj85tJz6z3/?igsh=MWp5cWpwNWtrM25oYg==