БИ КЕРУЕНІ ТҮРКІСТАНДА.
🔹 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімінің қолдауымен “ЗАҢ және ТӘРТІП”, қаржылық қауіпсіздік” форумы аясында, ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығына арналған «Би керуені» атты концерті өтті.
🔹 Кештің шымылдығы ҚР еңбек сіңірген қайраткері,«Қазына» халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, “Құрмет” орденінің иегері Зәуре Әжібекованың “Ел салтанаты” би қойылымымен ашылды. Балет артистері мың бұрала билеп, қазақ халқының және әлем халықтарының биін асқан шеберлікпен орындады.
🔹Кешіміздің қонағы “ҚР Мәдениет қайраткері”, “Құрмет” орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айниязов
«Түркістан», «Қазақстан-Атамекенім» әндерін шырқады.
🔹Биыл «Салтанат» мемлекеттік би ансамбліне 70 жыл. Осы айтулы мерейтойға орай алғаш рет «Би керуені» атты жоба еліміздегі ең көне әрі тарихи, мәдени тұрғыдан аса маңызды орын алатын киелі Түркістан қаласынан бастау алды.
🔹Түркістан облысының әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы,
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Оспанов Мұрат Айнабекұлы концертте сөз сөйлеп, ансамбльдің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, ақ тілектерін арнады.
🔹Балет артистері орындаған би қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында ұзақ қошемет соғылып, өнерсүйер қауым ансамбльге ризашылығын білдірді. Түркістан облысының әкімі мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің атынан Ықылас гүлі табысталды.
🔹Концерттің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлына, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергнеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлына, Түркістан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы, «Конгресс Холл» кешенінің басшысы Кенехан Асқар Оразханұлына және және өнер ұжымына, құрметті талғамы биік Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DKfrEpWIihk/?igsh=MWxlYWRoeTh4ZXd6bQ==