«БИ КЕРУЕНІ» БЕСКӨЛДЕ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«БИ КЕРУЕНІ» БЕСКӨЛДЕ!

ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығы мен 25 қазан Республика күніне, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Би керуені» концерті 16 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылдық Мәдениет үйінде өз жалғасын тапты.

Бұл ерекше кеште көрермен қауым ұлттық нақыштағы және әлем халықтарының билерінен рухани әсер алып, әсем әуен мен әдемілікке толы рухани кешке куә болды. Балет артистері көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Рухани мазмұны терең концертті Қызылжар ауданының  тұрғындары тамашалап, Алматыдан келген өнер иелеріне жылы лебіздерін білдірді.

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа өнердің құдіреті арқылы ұлттық рухты сіңіру, туған жер мен мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, түрлі ұлт өкілдері арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайту. Айта кету керек, «Салтанат» мемлекеттік  би ансамблі жастарға эстетикалық тәрбие беруде, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде және патриоттық сана қалыптастыруда өлшеусіз еңбек етіп келеді.

«БИ КЕРУЕНІ» БЕСКӨЛДЕ!