БРИФИНГ ӨТТІ

🔹Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің директоры Елубай Кенжалиев пен ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлегеннің қатысуымен брифинг өтті.

🔹Баспасөз конференциясында аты аңызға айналған ансамбльдің 70 жылдық мерейтойына арналған бірқатар маңызды шаралар айтылды.
🔹2025 жылға Мәдениет және ақпарат министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес, 70 жылдық мерейтойға орай өңірлерде өтетін гастрольдік іс-сапарлар жайлы кеңінен ақпарат берілді.