Дәурен Әбіров – алғашқы қазақстандық балетмейстер
Қазақстанның тұңғыш кәсіби балетмейстері Дәурен Әбіровтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Дәурен Әбіров – алғашқы қазақстандық балетмейстер» кітабының тұсаукесер рәсіміндегі суреттерді назарларыңызға ұсынамыз!
Бұл шараға жиналған көрермендер Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР-нің өнер қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Дәурен Әбіровтің өмірі мен шығармашылығы және ұстаздық жолында жасаған еңбектерімен толығырақ танысуға мүмкіндік алды.
Көрмеде «Дәурен Әбіров – алғашқы қазақстандық балетмейстер» кітабында Әбіровтің балалық және жастық шағы туралы алғаш рет жарық көрген естеліктері, мемлекеттік және отбасы мұрағатынан алынған құнды фотоқұжаттармен нақтыланған шығармашылық жолы, құжаттардың көшірмелері қойылды.
https://www.instagram.com/p/DIdbCHQoYa7/?img_index=1