Екі ел арасында меморандумға қол қойылды
Тәжікстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, КСРО Халық әртісі, М.Сабирова атындағы мемлекеттік хореографиялық колледжінің көркемдік жетекшісі Искандар Раджабов Тәжікстан елінен арнайы іс-сапармен Алматы қаласына келді. ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің балет артистеріне тәжік халқының салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін насихаттайтын “Идона” атты би қойылымын қойды.
Екі ел арасында меморандум жасалды. Бұл бірлік пен ынтымақтастықтың, сыйластық пен достықтың, нағыз шынайы өнердің озық үлгісі. Алдағы уақытта Искандар Талбакұлының қолтаңбасына айналған туындыны концертте тамашалай аласыздар.
«Идона» атты қойылым ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің репертуарына енді.
Бүгін ансамбль директоры Е.Кенжалиев хореограф Искандар Раджабовқа алғыс білдіріп, салтанатты шарада құрмет-қошемет көрсетті.
“Сіздің хореографиялық өнердің дамуына сіңірген еңбегіңіз зор. Қазақстан мен Тәжікстан халқы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға, сонымен қатар, жастардың бойында мәдени құндылықтарды қалыптастыру жолында қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің балет артистері сіз қойған «Идона» би қойылымын мақтанышпен өнер сүйер қауымға ұсынады. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас жасай берсін! ” – деді ансамбль басшысы. Шара соңыңда ұжым құрметті қонағымызбен естелікке суретке түсіп, ақ тілегін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/C8MAIcHo6vm/?utm_source=ig_web_copy_link