“ЕЛ САЛТАНАТЫ” АЛМАТЫДА

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

“ЕЛ САЛТАНАТЫ” АЛМАТЫДА

Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт Almaty Theatre сахнасында жоғары деңгейде өтті.

Тұңғыш рет ансамбльдің өткені мен бүгінін қамтыған арнайы кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды. Ұжымның жетпіс жылдық шығармашылық жолы, ұлттық би өнерін дамытудағы еңбегі кітапта кеңінен көрініс тапты.Айтулы шараға ансамбльде ұзақ жылдар бойы тер төккен ардагерлер, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары мен өнерсүйер қауым жиналды.

Мерейтойлық концертте қазақтың ұлттық билерімен қатар әлем халықтарының көркем би қойылымдары ұсынылды. өткен шаоа көрермен жүрегін жаулады.  Кештің мақсаты – өнер арқылы рухани бірлік пен достықты дәріптеу.

Алматы қаласының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының құттықтау хатын Алматы қаласы мәдениет  басқармасының басшысы Алиев Данияр Абзалиденұлын табыстады.

«Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры, «Бахар» би ансамблі, сондай-ақ әнші Өмірқұл Айниязов, Жайна Тарғынова және күйші Таңат Саденов өнер көрсетті.

Кеш соңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің атынан Ықылас гүлі, Алматы қаласының әкімінің атынан Ықылас гүлі және көптеген өнер ұжымдарының атынан ықылас гүлі мен құттықтау хаттары табысталды.

«Ел салтанаты» – ұлттық би өнерінің биігін, ел бірлігін және рухани құндылықтарды айшықтады. Мерейтойлық кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады.