«FOLK SHOW» АЛМАТЫДА!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«FOLK SHOW» АЛМАТЫДА!

Бүгін Қазақстан бойынша көрерменнің жүрегін жаулаған шоу Алматы қаласында жоғары деңгейде өтті. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің қатысуымен өткен «FOLK SHOW» жобасы Almaty Theatre сахнасында ұйымдастырылды. Бұл шоу мен шуға толы концертке ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің балет артистері қатысты.

«FOLK SHOW» – бұл жай ғана концерт емес. Әлемдік кинохиттердің әсерлі саундтректері, культке айналған шетелдік хиттер, қуатты рок пен жан тербетер қазақ күйлері тоғысқан бірегей музыкалық шоу.
Көрерменге ерекше атмосфера сыйлаған концерт, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерге толы болды. Жобаның авторы әрі дирижері – Әділет Азбаев.

Алматылықтар музыка әлеміне саяхат жасап, «Салтанат» би ансамблінің өнеріне куә болды. Бұл әсерлі кеш көрерменнің есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

https://www.instagram.com/reel/DJKpKP2oEH5/?igsh=aTBveHdib2phM2w4

«FOLK SHOW» АЛМАТЫДА!