Футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы министрлікке қарасты мәдениет мекемелері арасында футболдан турнир өтті. Өнер ұжымдары бақ сынады. Спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық іс-шараға ҚР “Салтанат” мемлекеттің би ансамблі де белсене қатысты. Біздің команда Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебімен 1:1 есебімен теңесіп, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжін
2:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы алдыңғы қатарға шықты.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған командаларды құттықтаймыз! Тек сәттілік тілейміз.
https://www.instagram.com/reel/DJyt_p3IMfm/?igsh=MWUzd20ybjJzdTZtOA==