ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
25 қазан – еліміздің тарихындағы ерекше күн. Бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіз мемлекет ретіндегі мәртебесін айқындап, елдігіміздің іргесін бекемдеген тарихи шешім қабылдаған еді. Республика күні – халқымыздың бірлігі мен мемлекеттіліктің мерейін асқақтататын маңызды мереке.
Осы атаулы күнге орай «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ұжымы барша қазақстандықтарды мерекемен шын жүректен құттықтады. Ансамбль мүшелері өз құттықтауында ел тәуелсіздігі мен мәдениетінің ажырамас байланысын атап өтіп, өнер арқылы бірлік пен рухты дәріптеудің маңыздылығын жеткізді.
Республика күні – халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегінің жүзеге асқан сәтін бейнелейтін ұлық мереке. Біз өнеріміз арқылы Қазақстанның бай мәдениеті мен рухани мұрасын насихаттап, ұлт бірлігін көрсетуге әрдайым атсалысамыз, – деп атап өтті ансамбль артистері.
«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – еліміздің мәдени өміріндегі ең ірі ұжымдардың бірі. Ансамбль сахна арқылы ұлттық би өнерінің көркемдігін, халқымыздың салт-дәстүрін, тарихы мен болмысын паш етіп келеді.
Мерекеге орай ұжым қазақ еліне бейбіт өмір, мол бақыт, шығармашылық табыс тілеп, Instagram парақшаларына бөлісті. Республика күні құтты болсын! Бірлігіміз берік, еліміз аман болғай!
#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным
- https://www.instagram.com/p/DQJY3_QDWvu/
- https://www.instagram.com/p/DQJWNUpDH38/\
- https://www.instagram.com/p/DQHALTeiL-p/


