ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде Жаңа жылға арналған мерекелік кеш өтті. Айтулы шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұжым мүшелері үшін есте қаларлық нағыз мерекеге айналды. Кеш барысында ансамбль директоры Е.Кенжалиев сөз сөйлеп, шығармашылық ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өткен жылдағы еңбектері мен жетістіктеріне тоқталды.
Ансамбльдің 70 жылдық мерейтойына орай өнер мен мәдениетті дамытуға сүбелі үлес қосқан, ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп жүрген бірқатар қызметкерлер, балет артистері мен әкімшілік құрам «70 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Сондай-ақ директордың атынан алғыс хаттар табысталды.
Ұжым мүшелері бір-біріне ақ тілектерін арнап, салтанатты кешті мерекелік көңіл-күймен атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DSw43QSCMPr/?igsh=aTJ4ZDBjOG0yYW1z

