Кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

Бүгін ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде Кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті. Шараға ансамбльдің басшысы Е.Кенжалиев, директордың орынбасары Р.Сәрсенов, кәсіподақ төрайымы Ф.Қуанышева, әкімшлік пен балет артистері қатысты.

«Кәсіподақ ұйымы азаматтар мен қоғам өміріндегі маңызды рөл атқарады. Осы бағытта әріптесіміз «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» Алматы қаласы бойынша өкілі Нұрғалықова Сәуле Нақыпқызына алғысымды білдіргім келеді. Олармен арамызда қалыптасқан сенімді атмосфераны өте жоғары бағалаймын және бұл арақатынас дәстүрге айналады деп ойлаймын», – деді кәсіподақ төрайымы Фариза Қуанышева.

Кәсіподақ ұйымының жемісті жұмысы жайлы толық ақпарат берілді. Ұжым көкейде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды. Осы уақытқа дейін атқарылған игі шараларды қорытындылап, алдағы уақытқа жоспар құрылды.

1.07.2024 жыл

https://www.instagram.com/p/C832ireIb4W/