Қазақстан – достық мекені
Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт Абай алаңында өтті.
Мерекелік шарада ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблі “Қазақстан – достық бесігі” би қойылымын мың бұрала билеп, кештің көркін қыздырды. Түрлі ұлттың киімдерімен сахнада өнер көрсеткен ансамбльдің балет артистері қала қонақтары мен тұрғындарын тәнті етті.
Концертте халықаралық байқаулардың лауреаттары Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус ән шырқады. Сахнада кәріс, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк ұлт өкілдерінің және т.б. ұлттық билер көрермен назарына ұсынылды. Одан бөлек, Отандық жұлдыздар Төреғали Төреәлі, Рухия Байдүкенова, Мәди Рымбаев, Дидар Кәден, «Aldaspan», «ЖасStars» тобы, Рүстем Нұржігіт және «L’Duo» дуэті, Данияр Өтеген, Айқын Төлепберген, Qanay, Әйгерім Қалаубаева, Артур Давлетьяров, Ayree және КeшYou тобы өнер көрсетті.