КОНЦЕРТ «КҮН ДИДАРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

КҮН ДИДАРЛЫ ҚАЗАҚСТАН


⚜️Елордамыз Астананың төрінде Республика күніне арналған ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Күн дидарлы Қазақстан» атты концерті жоғары дәрежеде өтті. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында ұйымдастырылған кештің шымылдығы премьера  «Самғау» қойылымымен ашылды.

⚜️Көрермендер бұл концерттен репертуарға жаңадан енген билерді, қазақтың ұлттық және әлем халықтарының би қойылымдарын, соның ішінде Азия халықтарының билерін тамашалады. Ансамбль “Моңғол биі”, “Вензеля”, Өзбек биі “Хорезм термәләрі”, “Көңілді серуен”, “Жастық жалын”, Тәжік биі “Идона”, Ұйғыр биі “Долан”, Корей биі “Кальчум”, Татар биі “Женихи”, Қытай биі “Liming”, “Жарық”, “Ел салтанаты”, “Қыз қуу” сынды ерекше би қойылымдарын ұсынды. Сонымен қатар концертте халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Асылхан Шалқаров әннен шашу шашты. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында “Мәдениет саласының үздігі” Рахат Сәрсенов домбыраның үнін көкке әуелетсе, аспапты жанына серік еткен Айгерім Елемесова өз өнерін паш етті.

⚜️Тарихы терең ұжымның Республика күніне арналған концертіне келген Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары шексіз қошемет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігінің және “Гүлдер” ансамблінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Айта кетейік, саф өнерімен танылып, әлемге қазақтың биін насихаттап жүрген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі келер жылы 70 жылдық мерейтойын атап өтпек. Талай дарын ансамбльдің аяғынан тік тұрып, қалыптасуына еңбек сіңірді. Қазіргі таңда жас буын өкілдері де сол сара жолды әрі қарай жалғап, қазақ өнерінің көкжиегін кеңейтуге атсалысып жүр.

⚜️ Өнерін сүйіп, өнерпазын бағалаған барша патша көңіл көрермендерге және концертімізді ұйымдастыруға қолдау білдірген, ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрына алғыс білдіреміз!