Лаура Уркенбаева  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Лаура Уркенбаева  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды


         Алматы қаласында Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өнер саласының бірқатар үздік мамандарына мемлекеттік наградалар табысталды. ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артисі Лаура Уркенбаева  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Лаура Уркенбаева жетпіс жылға жуық тарихы бар ансамбльде 19 жыл абыроймен қызмет етіп келеді. Мәдениет саласында төл өнерімізді дәріптеп, халықаралық деңгейде танытып, тілсіз құдіретті би өнерін, рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуде.

Марапаттыңыз құтты болсын! Шығармашылық табыс, еңбегіңізге жеміс тілейміз. Алар асуыңызбен бағындырар белесіңіз көп болсын!

https://www.instagram.com/p/DBjTlKNoJeX/?locale=ru&img_index=