ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблінің ұжымы, көркемдік жетекші Гүлсәуле Орумбаеваның басшылығымен, коронавирус пандемиясы таралуының алдын алу бойынша өз үлесін қосып жатыр.
Ансамбль тігін цехынің шеберлері барлық санитарлық және гигиеналық нормаларын сақтай отырып көп қолданылатын үш қабатты маскалар тікті. 2020 жылдың 26-шы және 27-ші наурызында маскалар Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына – (100 дана), Алматы қаласының Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының әскери қызметкерлеріне беріліп (100 дана) , Алматы қаласындағы автобус жолаушыларына, жаяу жүргіншілерге, ансамблдің қызметкерлеріне (200 дана) тегін таратылды.
Ансамблдің ұжымы барлық Қазақстан азаматтарын тек ресми ақпараттарға сенуіне, үрейленбеуіне, белгіленген карантин уақытта үйден шықпауға шақырады! Біз бірге еңсереміз!