«Салтанат» би ансамблінің балет артистері Мереке Төреқан мен Балауса Сылқымбай дипломант атанды

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«Салтанат» би ансамблінің балет артистері Мереке Төреқан мен Балауса Сылқымбай дипломант атанды

Астана қаласында өткен Шара Жиенқұлова атындағы VІ Республикалық қазақ биі байқауында ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің балет артистері Мереке Төреқан мен Балауса Сылқымбай IV орынды иеленіп, дипломант атанды.

Байқау Астана балет театрында өтті. Қазақстанның әр өңірінен 350-ден астам биші келген. Олар «Ансамбльдер» және «Соло» номинациялары бойынша сайысқа түсті. Жыл сайынғы конкурс қазақ эстрадалық және халықтық би саласындағы талантты бишілерді, балетмейстерлер мен педагогтарды анықтайды. Осы іс-шарада Шара Жиенқұловаға арналған фотоальбомның тұсаукесер рәсімі өтті. Ал байқаудың өзі алғаш рет 1992 жылдан бастау алған. Дода 3 күнге созылды.
Бұл шарада бақ сынаған өнерпаздарға шығармашылық табыс тілейміз. Марапаттарыңыз құтты болсын.