Наурызнама – ұлысты ұйыстырған мереке

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Наурызнама – ұлысты ұйыстырған мереке

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде Наурызнама тұжырымдамасы екі жылдан бері кең ауқымда тойланып келеді. Президент бекіткен тұжырамдама бойынша Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы елімізде 14 наурыздан

бастап атап өтіледі. Көрісу күнінен бастау алатын мерекелік іс – шаралар 23 наурызға дейін жалғасын табады. Әрбір күн белгілі бір тақырыптық негізге бекітілген. Ең бастысы он күн бойы өтетін салтанат ізгі амалдарға, мәдени сауық кештер мен әдет – ғұрпымызды, салт дәстүрімізді дәріптеуге арналмақ.

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі».

Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.

15 наурыз – Қайырымдылық. Яғни қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арналады.

16 наурыз – Шаңырақ.

Бұл күнді отбасы құндылықтарын дәріптеуге арнау ұсынылады.

17 наурыз – Салт-дәстүр күні.

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.

18 наурыз – Ұлттық киім күні.

Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімін өткізуге ерекше назар аудару ұсынылады.

19 наурыз – Жаңару.

Күн райының ыңғайына қарай осы күні ағаш отырғызу, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, тазалық жұмыстарына көңіл бөлінеді.

20 наурыз – Ұлттық спорт.

Бұл күні ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастыру ұсынылады.

21 наурыз – Ынтымақ.

Бұл күні елді мекендерде қолөнершілер жәрмеңкесін, мерекелік концерттер, ұлттық спорт түрлері бойынша бұқаралық жарыстар, ұлттық тағамдардың гастрофестивалі, мерекелік сауда-саттық, жәрмеңкелер және т.б. іс-шарала өтеді.

22 наурыз – Жыл басы.

Осы күні орталық алаңдарда мәдени-көпшілік іс-шаралар, спорт сайыстары өтеді.

23 наурыз – Тазару. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізу жоспарланып отыр.

https://www.instagram.com/p/DHIGm-FodIV/?hl=ru

Наурызнама – ұлысты ұйыстырған мереке