ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 сәуір күні ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде Ораза айт мерекесі аталып өтілді. Ұжымға арналған ақ дастархан жайылып, мерекелік ас әзірленді. Бұл мейрам – қазақ елі үшін рухани жаңарудың, кешірім мен қайырымдылықтың мерекесі.

Айт мерекесінің тағы бір маңызды бөлігі – кең дастархан жаю, көпшілікпен бірге дәм тату дәстүрі.

Қытымыр қыстан аман шыққан халқымыздың ақ мол болсын деген ниетпен дайындалатын наурыз көжесі таратылды, бауырсақ, палау әзірленді, сондай-ақ дәмді тағамдар ұсынылды. Мұндай ортақ дастархан басындағы кездесулер ұжымды жақындастырып, мерекенің шапағатын арттыра түсті. ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ардагері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлыбек Әшірбекұлы ақ батасын берді. Директорымыз Елубай Кенжалиев ұжымды мейраммен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа жолдаған құттықтауында айт күні ақ дастархан жайып, бір-біріне қонақ болудың маңызын атап өтті: «Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды» деп осы мерекенің ата салтымызбен сабақтастығына назар аударды. Демек, мерекелік дастархан арқылы Ораза айт жұртшылықты тағы да бауырмалдылыққа, бірлікке шақыратын мейрам болып отыр.

https://www.instagram.com/p/DH8JZHyo2ck/?hl=ru

ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!