ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ҰЯСЫ

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ҰЯСЫ

14 қыркүйек – Отбасы күні. Қазақстанда бұл мереке 2013 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Қазақ халқында отбасы ұғымы ұлттық тәрбиенің алтын ұясы, рухани сабақтастықтың және адамгершілік қасиеттердің өзегі. Бұл – әр адамның жүрегіндегі ең қымбат қазына. Қазақ отбасында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қонақжайлық, туыстық қарым-қатынасты сақтау басты қағида болып қала бермек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде: «Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» біздің қанымызға сіңген қасиет. Әрбір азаматтың адамгершілік болмысын қалыптасуына отбасындағы ахуал айрықша әсер етеді. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады. Берекелі әрі бақытты отбасы қуаттың елдің тірегі», – деген болатын.

Бүгін әр шаңырақта мейірімділік пен ізгіліктің оты ұшқындап, жетістіктеріне марқаятын күн. Әр жұп отасқан уақыттан бергі өміріне есеп беріп, бір-біріне жылы сөз айтады. Отбасы күні құтты болсын. Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DOlMk7xCCfC/

ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ҰЯСЫ