ПОЛИЦИЯ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ!
27 маусым күні Алматы қаласында Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Абай алаңында Полиция департаментінің қолданыстағы қару жарақтарына арналған көрме көрермендер назарына ұсынылды. Сондай-ақ қазақтың алып денелі батырлар костюмін киген жігіттерден және СОБР жауынгерлерінен фото зона бұрышы жасалды.
Киелі қара шаңырақ Республика сарайының алдында «Қазақстан полициясы күніне» арналған мерекелік фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл шараға «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі белсене қатысты. Кеште ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Бауыржан Исаев, Төреғали Төреәлі, «Ұлытау» тобы, Мадина Сәдуақасова, Жұбаныш Жексенұлы, Беркут, «Ill Canto» тобы, Асылбек Еңсепов, Мақсат Базарбаев, «Заман» тобы, «Жігер» тобы, Мұқасан Шахзадаев, Серікбол Сайлаубек ән шырқады.
Концертке келген құрметті қонақтар мен қала тұрғындары мерекелік көңіл-күйге бөленіп, алғыс білдірді.
Концерт соңында дронмен шоу көрсетілді.
https://www.instagram.com/reel/DLd1Tn7oF0h/?igsh=NjhxMDRrbWxpajM4
