ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
25 қазан – Республика күніне орай директор Е.Кенжалиев ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің қызметкерлерін құттықтады.
Бүгін – егемен еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен өнер саласында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалайтын күн болды.
Қазақстан салалық мәдениет, спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы атынан «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісі ансамбльдің костюм бөлімінің меңгерушісі Асанова Гульзада Идрисовнаға табысталды.
«Құрмет» грамотасымен ансамбльдің баспасөз-хатшысы Айнақұлова Ұлжан Арыстанбекқызы марапатталды.
Кәсіподақ ұйымы атынан «Алғыс хат» грамотасы Кудайкулов Еркинбек Байдулоаевичке табысталды. Директор Елубай Мұхамбетұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ансамбліміздің басшысы атынан арнайы «Алғыс хат» грамотасымен:
Айдарханова Ляззат Ануаровна – костюм тігу шебері;
Толыбаева Камиля Беделовна – костюм тігу шебері;
Вдовцева Мария Сергеевна – балет артисі;
Мирамғазы Айжан Жаныбекқызы – балет артисі;
Наурзалиева Алуа Адильевна – балет артисі марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Әрқашан еңбектеріңіз бағалы, жұлдыздарыңыз жоғары болсын.
https://www.instagram.com/p/DQMtBZhiKCj/


