ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің ұжымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиевті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.
Ақан Жылқышыбайұлына жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілейміз! Мәртебеңіз биік, абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем болсын. Әрқашан еңбегіңіз жана берсін.

