ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі Әзірбайжанда
Әзірбайжан елінде «Хары-бюльбюль» және «Шуша 2023 – түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында халықаралық фольклор фестиваль өтуде. Бұл шараға ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнер иелері қатысуда. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген бастаған өнер ұжымы Алматыдан Әзірбайжанға арнайы барып, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін шет елде насихаттап, «Салтанат» би ансамблі өнерін паш етпек.
Хары-бюльбюль – 1989 жылдың мамыр айынан бастап 1991 жылға дейін Шушада және Қарабақтың басқа да қалаларында жыл сайын өткізілген халықаралық фольклорлық фестиваль. Оған әншілер, музыканттар, ақындар, актерлер, бишілер, палуандар, спортшылар қатысқан. 2021 жылдың мамырында бұл фестиваль қайта жанданды.