“Салтанат” би ансамблі ҚР мемлекеттік Әнұранын Түркістанда орындады.
4 маусым Рәміздер күніне орай ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің ұжымы киелі Түркістан қаласының тұрғындарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындады.
Бұл шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың отансүйгіштік сезімін ояту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және халықты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіру. Өскелең ұрпаққа өнер арқылы рухани азық беріп, туған жеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту.
Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Айта кетейік, бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес «Би керуені» атты жоба аясында 70 жылдық тарихы бар ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің киелі Түркістан қаласында концерті өтеді.
https://www.instagram.com/reel/DKghah0zkC8/?igsh=MTJ1cHZoZXFwZGN0MA==