Министр: «Наурыз мейрамы күндері аясында еліміздің іскер азаматтары, меценаттар, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер балалар үйлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға және қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарына жәрдем жасап, қайырымдылық шараларына көңіл бөлгені жөн. Бұл игі істе Қазақстанның белсенді жастарының басын біріктіріп, волонтерлар корпусын Наурыздың жаңа тұрпатта тойлануына жұмылдыру керек.»
ҚР Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өту ұсынысын қолдау аясында ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің ұжымы көп балалы отбасыларға қайырымдылық шарасын өткізді.
Сонымен қатар, қайырымдылық эстафетаны «Qazaqkoncert» Мемлекеттік концерттік ұйымынан қабылдап, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Ұлттық аспаптар оркестріне @orkestr.kurmangazy, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясына @philharmoniya.zhambula және министрлікке қарасты барлық ұйымдарға жолдаймыз.
Наурыз мейрамы – мейірімділік мейрамы!
Баспасөз хатшы: Какимова Назгүл Санатқызы