«Салтанат» би ансамблінің әртістері Бірлік күніне арналған концертте өнер көрсетті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«Салтанат» би ансамблінің әртістері Бірлік күніне арналған концертте өнер көрсетті

1 мамыр күні Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мереке өтті. Биыл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен ұйымдастырылды.

Республика сарайы алдындағы Абай алаңында еліміздің этникалық және мәдени әртүрлілігін таныстыратын қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетті.

Сахнада ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, Маржан Арапбаева, L Duo дуэті, «Дервиши», «Made in KZ» топтары ән салса, «Салтанат» би ансамблі биден шашу шашты. Сондай-ақ, Башқұртстаннан келген Ay Yola тобы өздерінің танымал Homay композициясын орындады.

Көрермендер вокалды және аспаптық шығармалар, халық және заманауи билер, түрлі мәдениетаралық попурриге куә болды.

https://www.instagram.com/reel/DJJcXbvsbuN/?igsh=MmRod3RzZGcxNmM0