«САЛТАНАТ» МӘРТӨКТЕ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«САЛТАНАТ» МӘРТӨКТЕ!

27 қыркүйек күні ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Мәртөк ауылының орталық стадионында халықтың ықыласына бөленген «Би керуені» атты мерекелік концертін ұсынды.

Концерттік бағдарлама барысында ансамбль көрерменге би өнерінің шынайы жауһарларын тарту етті. Қазақ халқының ұлттық билерінен бастап, әлем халықтарының салт-дәстүрінен сыр шертетін хореографиялық қойылымдар жоғары кәсіби деңгейде орындалды.

Сахна төрінде балет артистері орындаған «Шашу», «Көңілді серуен», «Жастық жалын», «Қыз қуу» сияқты төл билермен қатар, ұйғыр халқының «Долан мәшрап», моңғол биі, орыс биі «Вензеля», өзбек биі «Хорезм термәләрі», татар биі «Женихи» және тәжік биі «Идона» қойылымдары да көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Әрбір би өз ұлтының мәдениетін сахнада жарқырата көрсетіп, әр халықтың өзіне тән мінезі мен болмысын би тілімен жеткізе білді.

Кеш соңында көрермен қауым ұзақ қол соғып, өнерпаздарға шынайы ризашылықтарын білдірді. «Салтанат» ансамблінің 70 жылдық мерейтойына арналған «Би керуені» концерті Мәртөк төрінде нағыз мерекелік рух пен мәдениетке деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Бұл кеш – ұлттық рухты күшейтіп, ұрпақ жадында мәңгі сақталатын өнердің озық үлгісі болды.

«САЛТАНАТ» МӘРТӨКТЕ!