ШЫМКЕНТТЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ.
🔹ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес «Би керуені» атты жоба аясында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі шырайлы Шымкент қаласында тегін шеберлік сағатын өткізді.
«Қызғалдақ сарайында» ансамбльдің көркемдік жетекшісі, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры стипендиясының иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуанышбек Төлеген, бас балетмейстер, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы, білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагог ғалым -зерттеуші, халықтық-сахналық классикалық бидің оқытушысы Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты, “Sarmat” балалар хореографиялық ансамблінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі, халықаралық жобалардың қоюшы-хореографы, балетмейстер Талғат Ахметовтың қатысуымен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
🔹 «Халық сахналық биі», «Қазіргі заманның қазақ биі» тақырыбында практика, «Би ансамбльдерінің концерттік бағдарламаларының құрылымы» теориядан арнайы дәріс берілді.
🔹Бұл шара қатысушыларға тәжірибе алмасуға және кәсіби деңгейлерін арттыруға зор мүмкіндік берді.
🔹Барлық қатысушылар тегін сертификаттармен марапатталды.
🔹Шеберлік сағатының өтуіне қолдау білдірген Шымкент қаласының әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімажитұлына, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлына, «Қызғалдақ сарайының» басшылығы мен өнер ұжымына алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DKhE7rfoyHv/?igsh=c3IwOXJrOHJ4dzY2